Байланыс және интернет қызметтерінің сапасына қатысты, азаматтардың өтініштерін қарау.

Байланыс және интернет қызметтерінің сапасына қатысты, азаматтардың өтініштерін қарау.

Құрметті азаматтар!

 

       «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі байланыс және интернет қызметтерінің сапасына қатысты мәселелер туындаған, сондай-ақ қосылу бойынша мәселелер туындаған кезде, Сіз жазбаша өтінішті жергілікті атқарушы органның мекенжайына, сондай-ақ байланыс және интернет қызметтерін ұсыну сапасын тексеру жөніндегі уәкілетті органның «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі мекенжайына, Қазақстан Республикасының «Egov.kz» электрондық үкіметі порталы арқылы жүзеге асыраласыз, деп хабарлайды.

Анықтамалық:

Электрондық өтініш беру үшін келесі әрекеттерді орындауыңыз қажет.

1) Порталда авторлану;

2) «Электрондық өтініштер» сервисін таңдау;

3) Ұсынылған нысанды толтыру. Қажетті тіркемелерді 6 (алты) жеке файлмен (әрқайсысы 10-нан 15 Мб-ға дейін) жалпы өлшемі 60-90 Мб-ға дейін бекітуге болады. "Алушы" өрісінде сізге қажетті мемлекеттік органды таңдап, сіз салымдардың рұқсат етілген көлемін білесіз. Егер сіз электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) орнатылған мемлекеттік органға жіберген жағдайда, әрбір файлдың көлемі 15 Мб дейін (және барлығы тиісінше 90 Мб) рұқсат етіледі.

4) ҚР ҰКО ЭЦҚ-мен қол қою;

5) Мемлекеттік органға жіберу.

        Сондай — ақ, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қағидалардың 7-бабының 5-тармағына сәйкес Сз тікелей жүгінетін мемлекеттік органға қолма-қол жеткізе аласыз, немесе өтініштің түпнұсқасын Қазақстан Республикасының пошта байланысының ұлттық операторы – «Қазпочта» АҚ арқылы, мына мекенжайға жібере аласыз: Нұр-сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 13, 1-НП, индексі 010000, Тел.: +7 (7172) 20-00-79, +7 (7172) 21-19-50, +7 (7212) 43-52-51, е-mail: is_astana@mic.gov.kz.