Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

2021 жылдың 18 наурызда Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Мұратұлының төрағалығымен Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста бекітілген күн тәртібіне сәйкес, 4 мәселе қаралды:

1. Ағымдағы жағдай, проблемалық мәселелер және жол-көлік оқиғаларын азайту бойынша жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар туралы;

2. Көкшетау қаласында жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы;

3. Ұсталған жеңіл, ауыр салмақты және ірі көлемді автокөлік құралдарын сақтауға арналған мамандандырылған тұрақтарды ұйымдастыру бойынша қабылданатын шаралар туралы;

4. Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның алдыңғы отырысында берілген  хаттамалық тапсырмаларды орындаудың қорытындылары туралы.

Комиссия отырысының нәтижесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, комиссияның алдыңғы отырыстарда қабылданған шешімдерді орындау бойынша қорытындылар жасалды.