«Заңсыз» тасымалдаушылар қызметінің жолын кесу бойынша бірлескен рейд іс-шараларын жүргізу туралы

«Заңсыз» тасымалдаушылар қызметінің жолын кесу бойынша бірлескен рейд іс-шараларын жүргізу туралы

Ақмола облысының полиция департаменті, «Ақмола облысының көліктік бақылау инспекциясы» РММ және «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ «заңсыз» тасымалдаушылар қызметінің жолын кесу бойынша тұрақты негізде бірлескен рейд іс-шараларын жүргізеді.

 Рейд іс-шараларды жүргізу кезінде «заңсыз»  тасымалдаушылар көлік заңнамасының бірқатар талаптарын бұзады:

  1. Негізгі масса тасымалдауды рұқсатсыз және хабарламаны жібермей жүзеге асырады (автобустар мен шағын автобустарға арналған лицензия, жеңіл таксилерге арналған хабарлама);
  2. Тасымалдау жүргізушілерді рейс алдында медициналық тексерусіз жүзеге асырылады;
  3. Рулі оң жақтан басқарылатын автокөлік құралдары пайдаланылады;
  4. Жолаушыларды тасымалдау шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен (каботаждық тасымалдар) жүзеге асырылады.

Мысалы, 2021 жылғы 16 наурызда сағат 15:55 азамат Иванов (тегі өзгертілген) бір адам үшін бағасы 2000 тг 5 адам көлемінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыра отырып, Көкшетау – Константиновка СҚО бағыты бойынша такси арқылы жолаушылар мен багажды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы міндетті хабарламай Toyota Estima (ресейлік есепке алу) маркалы автокөлікті жүргізді. Бұл әрекетпен ол «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 15.05.2014 жылғы № 202 Заңының 3-қосымшасының 28-б. 1-т. 24-тт. және 17-б. 1-т. 46-б.1-т. 15-т. бұзды.

Автокөлік құралының иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-б.1-б.і (сотқа жіберілді) және 575-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

ҚР ӘҚБтК - нің 463 – б. сәйкес, әкімшілік жауаптылық – рұқсат, хабарлама жіберу міндетті болған жағдайларда әрекеттерді (операцияларды) рұқсатсыз жүзеге асыру, сол сияқты хабарлама жіберу - жеке тұлғаларға - 15 АЕК мөлшерінде, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған табысты, ақшаны қосымша тәркілеуге әкеп соғады. Жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда жеке тұлғаларға – 30 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы (автомобилі) тәркіленеді.

Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнген автокөлiк құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктердi шет мемлекеттiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен тасымалдау - 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК-нің 571-б.  сәйкес, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бұзуға (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығының 212-т.), Арнайы, оның ішінде толық қолмен басқарылатын, сондай-ақ рулі оң жақтан басқарылатын автокөлік құралдарын такси тасымалдау үшін пайдалануға тыйым салынады.) – жеке тұлғаларға - 5 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне -1 0 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.