Басқарма басшысының орынбасары А. Рублевскийдің төрағалығымен кеңес өткізілді

Басқарма басшысының орынбасары А. Рублевскийдің төрағалығымен кеңес өткізілді

2021 жылдың 1 наурызда Басқарма басшысының орынбасары А. Рублевскийдің төрағалығымен (барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып) ауданаралық (қалааралық облысішілік) қалааралық облысаралық маршруттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылардың қатысуымен кеңес өтті.

Кеңес барысында бекітілген күн тәртібіне сәйкес, 3 сұрақ қаралды:

Ауданаралық (қалааралық облысішілік) қалааралық облысаралық маршруттарды қайта жаңғырту;

Коронавирус пандемиясына байланысты, автовокзалдар мен автостанцияларды жабу, сондай-ақ заңсыз тасымалдаушыларға қатысты шаралар қабылдау үрдісі туралы;

Автовокзалдар мен автостанцияның тасымалдаушылар алдындағы берешегі туралы.

Кеңес қорытындылары бойынша бірқатар шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.