Басқарманың әдеп жөніндегі уәкілі туралы

Басқарманың әдеп жөніндегі уәкілі туралы

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шеңберінде мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметкер.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережемен реттеледі.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
2) мемлекеттік қызметкерлердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
5) мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6) мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингін жүргізуді және бақылауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;
8) мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізеді және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныспен жүгінеді;
12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті жүзеге асырады.

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқрамасында Әдеп жөніндегі уәкілінің функциялары басқарма басшысының орынбасары - Александр Владимирович Рублевскийге жуктелген. Байланыс ақпараты: Көкшетау қ., Абай к-сі, 89 312 кабинет. Тел: 8 (7162) 25-07-29, ұялы тел: 8 777 039 4618. Эл. пошта: A.Rublevskiy@akmo.gov.kz. Мемлекеттік қызметкерлерді және азаматтарды қабылдау бейсенбi күнi сағат 16.00-ден сағат 17.00-ге дейiн жүргiзіледі.