
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 334 өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Осы қаралы күні Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, орны толмас қазаны бастарынан өткеруге сабыр мен күш-қуат тілейміз.
Марқұмдардың есімі мен жарқын бейнесі жүректерде мәңгі сақталсын.
Қаза болғандардың отбасыларымен бірге қайғырамыз.