
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында басқарма басшысы Владимир Захаровичтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне арналған кеңес өтті.
Кеңес барысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі қағидаттары мен басты өзгерістері талқыланды.
Талқылау барысында Конституцияда мемлекеттің негізгі құндылықтық бағдарлары бекітілгені атап өтілді. Оларға Қазақстан халқының бірлігі, Ұлы Дала тарихының сабақтастығы, мемлекеттің унитарлық сипаты, мемлекеттік құрылыстың жаңа жүйесі, сондай-ақ азаматтардың құқықтарына қатысты бірқатар өзгерістер жатады.