
Алғашқы 3 автобус бірлігі Степногорск қаласына жеткізілді. Жалпы, «Тулпар Степногорск» ЖШС тасымалдаушысы әкімдіктің қолдауымен және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржыландыруы арқылы отандық өндірістегі «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС-нің 12 жаңа автобусын сатып алды.
Аталған жобаны жүзеге асыру отандық автокөлік өндірушілерді қолдау аясында автобус паркін жаңартуға арналған жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру бағдарламасының арқасында мүмкін болды. Жоспарға сәйкес, жеткізу жұмыстары ағымдағы жылдың 31 наурызы, сейсенбі күні толық аяқталады.