
«Ақмола облысының шекараларында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндег іҰлттық құрылтайдың шешімі» мақаласы
Ақмола облысында автомобиль жолдары желісі дамығаны белгілі. Облыс аумағы бойынша астананы елдің оңтүстік, солтүстік және шығыс өңірлерімен байланыстыратын халықаралық көлік дәліздері, сондай – ақ бірінші техникалық санаттағы автожолдар (Алматы-Екатеринбург, Астана – Петропавл, Астана – Павлодар және Астана-Қарағанды) өтеді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 4-ші Ұлттық Құрылтайда Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағытына тікелей шығатын автожолдың «Орталық-Батыс» бағыты бойынша маңызды жобаны іске асыруды бастау туралы тапсырма берді.
Бұл ауқымды жоба облысымыздың жалпы ұзындығы 350 км-ден асатын бірнеше аудандарында өтеді.
2025 жылы республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды салуға және жөндеуге 124 млрд. теңге (48 млрд. теңге – республикалық жолдар 73 млрд.теңге – жергілікт іжолдар) бөлінді. 900 км автожол салынды және жөнделді.
Республикалық маңызы бар автожолдар бойынша 374 шақырым жол жөнделді. Ұзақ уақыт бойы жөнделмеген жол учаскелеріне басты назар аударылды: Астана – Қорғалжын, Көкшетау – Рузаевка, Макинск – Ақсу – Торғай, Жезқазған-Петропавл, Көкшетау-Зеренді, Көкшетау-Омбыучаскелері. Сондай-ақ, Көкшетау-Щучинск, Астана-Жібекжолы, Астана-Ақкөл, Атбасар-Жақсы, Жақсы-Есіл автожолдарының ірі учаскелерінде қамту жаңартылды.
Жергілікті маңызы бар автожолдар бойынша көзделген қаражат шеңберінде 73,9 млрд.теңге мөлшерінде 130 жоба іске асырылды, 510 км, оның ішінде облыстың 57 елді мекенінде 200 км-ден астам көше-жол желісі салынды және жөнделді.
«Жақсы - Державинск», «Новый Колутон – Ақкөл – Азат - Минское» (Азат - Минское учаскесі), «Еркіншілік - Қаратал», «Бабатай-Волгодоновка - Береке - Бұлаксай», «Атбасар - Сочинское», «Берсуат ауылына кіреберіс», «Щучинск - Николаевка», «Новочеркасское -Егіндікөл» - Қайнар» және басқа негізгі автожолдар қамтылды».
2026 жылы Көкшетау - Зеренді, Жақсы - Чистополье, Макинск-Ақсу-Торғай, «Жақсы-Державинск», «Еркіншілік - Қаратал», «Бабатай-Волгодоновка-Береке-Бұлаксай», «Жалтыр-Макинск», «Бузулук-Алматинский», «Ақкөл-Азат»-Новорыбинка, «Көкшетау-Рузаевка»-Васильковка-»Көкшетау-Петропавл» (Садовое ауылыучаскесі-Красный Яр ауылы), «Щучинск-Николаевка», «Молодежное ауылына кіреберіс», «Құдықағаш-Макинка», «Есіл-Свободное- Раздольное»,«Еленовка-Чистополье - Есіл», «Щучинск - Зеренді» -Веденовка» және т.б. сияқты республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу бойынша басталған жобаларды іске асыру жалғастырылады.
Президент тапсырмасы аясында Ақмола облысы аумағында 16 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда, бұл Республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Қазіргі уақытта нысандарда 287 жұмысшы және 10 бірлік техника жұмылдырылған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының (ҚМЖ) орындалу көлемі 84%-ды құрайды.
16 вокзалдың 7-інде ҚМЖ жоғары қарқын мен жүргізілуде, ҚМЖ жұмыстардың 90%-дан астамы орындалған (Көкшетау – 93%, Бурабай Курорты– 98%, Макинск – 98%, Жақсы – 98%, Сары Оба – 98%, Жалтыр – 94%, Шортанды – 92%). Қалған 9 вокзалда ҚМЖ орындалуы 19–61% деңгейінде (Аршалы кенті – 61%, Акколь – 50%, Державинск – 45%, Ельтай станциясы – 36%, Есиль – 42%, Еркеншілік станциясы – 33%, Уленты – 31%, Ерейментау – 31%, Атбасар – 19%).
Жалпы алғанда, барлық вокзалдар бойынша ҚМЖ-ны толық аяқтау ағымдағы жылға жоспарланған.
Авиа айлақ та назардан тыс қалмайды.
Көлік қол жетімділігін арттыру және Ақмола облысының туристік әрі логистикалық әлеуетін дамыту мақсатында Көкшетау қаласының әуежайын кезең- кезеңімен дамыту және жаңғырту мәселесі пысықталатын болады. Бұл ретте әуежайды коммуналдық меншікке қабылдау, стратегиялық инвесторды іздеу, әуежай инфрақұрылымын жаңарту, маршруттық желіні кеңейту, сондай-ақ жүк терминалын құру көзделіп отыр. Бұл шаралар жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға, жүк әуе тасымалдарын дамытуға және өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.