Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Ақмола облысының операторларын 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 120-бабына сәйкес хабардар етеді. (бұдан әрі - Кодекс) І санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсаттарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді, ІІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсаттарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары береді.
Кодекстің 125-бабына және Экология министрінің бұйрығына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша есепті ұсыну мерзімі «I және II санаттағы объектілерді өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 250 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күніне дейін экологиялық рұқсат берген тиісті органға өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша ішкі есепке алуды жүргізу, кезеңдік есептерді қалыптастыру және ұсыну.
Есептерді otchet.pm@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.
Есептерді тапсыру бойынша 40-28-07 нөміріне немесе мына мекен-жайға хабарласуға болады: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89. 2 қабат, 202 кабинет.