Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 "Ақмола облысының су қорғау аймақтары мен су объектілерінің белдеулерін, оларды шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы " Ақмола облысы әкімдігінің қаулысының (бұдан әрі - қаулы) жобасын әзірледі.

Қаулыны бекіту жоғарыда көрсетілген су объектілерін жер үсті суларының ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Қаулының жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15026443 сілтемесі бойынша «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.