Пресс-релиз
Біржан сал ауданының Тассу, Шат, Тассу арналы су қоймасы бар Атан өзендерінің учаскелерінің, Целиноград ауданының Мортық көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу бойынша жобаның түсуіне байланысты Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 «Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы (әрі қарай - қаулы) әзірленді.
Қаулыны бекіту жоғарыда көрсетілген су объектілерін жер үсті суларының ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Қаулының жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14590131 сілтемесі бойынша «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.