Пресс-релиз

Пресс-релиз

Пресс-релиз

Ақмола облысы Бурабай ауданының Қатаркөл көлінің учаскесінің, Целиноград ауданының Қозыкөш, Мұқыр өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу бойынша жобалардың түсуіне байланысты Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 «Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы (әрі қарай - қаулы) әзірленді.

Қаулыны бекіту жоғарыда көрсетілген су объектілерін жер үсті суларының ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Қаулының жобасы https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14438314 сілтемесі бойынша «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.