Пресс-релиз

Пресс-релиз

Ақмола облысы Аршалы ауданының Үлкен Барлыкөл көлінің, Бұланды ауданының Вознесенка ауылындағы Қайрақты өзенінің, Степногрск қаласының Ақсу өзені учаскесінің, Целиноград ауданының Дәмира және Үшкөл су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу бойынша жобалардың түсуіне байланысты Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы   № А-5/222 «Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы (әрі қарай - қаулы) әзірленді.

Қаулыны бекіту жоғарыда көрсетілген су объектілерін жер үсті суларының ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Қаулының жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14122015 сілтемесі бойынша «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.