ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Кодекстің 125-бабының 3-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шартымен экологиялық рұқсат алған объектілер операторлары экологиялық рұқсатты берген органға жыл сайын оның орындалуы туралы есеп береді. Есеп Есепті жыл аяқталғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде ұсынылады.
 
      Жоспарланатын іс-шаралар кестесін орындаудың күнтізбелік жылында қандай да бір іс-шара орындалмаған немесе толық орындалмаған жағдайда, оператор жоспарланатын іс-шаралар кестесі бөлігінде экологиялық рұқсатты қайта қарау туралы өтініш береді.
 
Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін II санаттағы объектілері бар жеке және заңды тұлғалар үшін 2021 жылдың 4 тоқсанына үш есеп қабылдайды:
 
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есептер;
Қоршаған ортаға рұқсат етілген және нақты эмиссиялар бойынша есептер;
Табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы есеп;
 
 
 
Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының орындалуы туралы есеп беру кестесін толтыру бойынша түсіндірмелер:
 
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023928