Табиғат пайдаланушылардың назарына!

Табиғат пайдаланушылардың назарына!

Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мынаны хабарлайды.
Экологиялық кодекстің 336-бабы негізінде, ҚР ЭГТРМ заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт - " қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы "ҚР ЭГТРМ министрінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 245 Бұйрығы әзірленді ("жеке және заңды тұлғалар үшін қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметке "3 – бөлім).
Біліктілік талаптары 2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері лицензияны 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде алуға міндетті.
Біліктілік талаптарында қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын бірқатар талаптар белгіленеді.