Объявление

Объявление

Назар аударыңыздар!

 

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма), Көкшетау қ., Абай к-сі 89, мекен-жайы бойынша орналасқан, 4-тармақты, атап айтқанда Сандықтау ауданындағы Жақсы-Жалғызтау көлінің, бұрын 2021 жылғы 12 шілдеде № 40 «Ресми жаршы» республикалық газетінде және «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің сайтында жарияланған, су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған пайдалануға беру жөніндегі конкурсқа қойылған су объектілерінің тізімінен алып тастайтыны жайында хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 178 бұйрығымен бекітілген су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру қағидаларының 14 – тармағына сәйкес конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі 7 (жеті) жұмыс күніне ұзартылады, яғни конкурстық құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі – 2021 жылғы 20 тамыз.