Табиғат пайдаланушылардың назарына!

Табиғат пайдаланушылардың назарына!
ҚР Экологиялық кодексінің 418 бабы 3 т. сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өздеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары тиісті объектілерді І, ІІ, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында 📆2021 жылғы 1 шіледен 1 тамызға дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге міндетті. ✔️Осыған байланысты объектілердің санаттарын анықтау үшін «Бірыңғай экологиялық портал» әзірленді. 📍Мұндай жағдайда операторлар санатын анықтау үшін http://ecoportal.kz сілтемесіне кіріп, нысанды толтыру қажет.
📞Техникалық мәселелер бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 87273171511.