Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысы әкімдігінің қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасына баспасөз – релизі
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысы әкімдігінің қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасын әзерледі. Ақмола облысы әкімдігінің келесі қаулыларына өзгерістер енгізіледі:
1) 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы»;
2) 2011 жылғы 27 мамырдағы № А-5/190 «Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, күзет аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы»;
3) 2014 жылғы 24 маусымдағы № А-10/556 «Ақмола облысында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қорғау аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, қорғау аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы».
Аталған қаулы жобасын Қазақстан Республикасының 2003 жылғы
20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.
Жоба қабылданғаннан кейін Ақмола облысының мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің қорғау аймақтары аумағында табиғат пайдалану қағидалары сәйкестікке келтіріледі.
Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9693911 сілтемесі бойынша ашық НҚА сайтында орналастырылғанын хабарлаймыз.