Жобаның мақсаты: телекөрермендерге Қоқысты сұрыптау дұрыс та, тиiмдi де екенiн айту! «Global Media Astana» ЖШС әлеуеттi үмiткерлердi шақырады. Жеңiмпаздар бизнестi дамыту үшiн грант, сондай-ақ экология саласындағы жобаларды монетизациялау дағдылары бойынша грант алады.
Жоба табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау, елдiң экологиялық проблемаларын анықтау және шешу жолдарын iздесттру мақсатында жүргiзiледi. Шоуда әртүрлi қоқыстарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар көрсетiледi және жаңа экобизнес кейстерiнiң пайда болуына түрткi болады. Ең жарқын 32 үмiткердi жобаның ұйымдастыру Комитетi таңдайды, олардың сауалнамалары сайтта жалпыхалықтық дауыс беру үшiн ұсынылады.