Табиғат пайдаланушылардың назарына!

Табиғат пайдаланушылардың назарына!

Табиғат пайдаланушылардың назарына!

 

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «II, III және IV санаттардағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама беру» және «II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Облыстың табиғат пайдаланушылары мемлекеттік қызметті алу үшін  «е-лицензиялау» web-порталы арқылы тікелей мемлекеттік органға өтінім бере алады.

Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімі II санаттағы объектілер үшін – отыз жұмыс күні, III және IV санаттардағы объектілер үшін он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 8-бөлігі 69-бабы 1-тармағына сай қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға осы баптың 2-1-тармағында айқындалған тәртіппен не мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен бір мезгілде беріледі.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға өтінімдерді қарау мерзімі, объектілер үшін:

- ІІ және ІІІ санаттарға өтінім тіркелген күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде;

- IV санаттарға өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 8-бөлігі 69-бабы 1-тармағына сай, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын табиғат пайдаланушылар шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмайды.

Сондай-ақ, сіздердің назарларыңызға жеткіземіз:

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 8-бөлігі 73-бабы 5-тармағына сәйкес, табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы есепті рұқсат берген органға тоқсан сайын ұсынып отыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 8-бөлігі 69-бабы 3-тармағына сәйкес, табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетiлген шарттарды орындауға мiндеттi және оларды сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

ҚР ЭК 154-бабына және 1-бабының 71-тармағына сәйкес табиғат пайдаланушылар (табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар) қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштерде, ақпараттық жүйенің экрандық нысанын толтыру және табиғат пайдаланушының ақпарат ұсынуға жауапты лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойую арқылы есепті жылдан кейiнгi жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 наурызға дейiн жыл сайын берiледi.

Басқарма көрсетіп отырған мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты upr.akmo.gov.kz сайтынан немесе мына мекен-жай бойынша алуға болады: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, каб.202, тел.: 8 (716 2) 40-28-07.