«Жер сағаты» халықаралық конкурсы

«Жер сағаты» халықаралық конкурсы

ҚР Үкіметі бекіткен 2018-2020 жылдарға арналған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-сі ағымдағы жылдың 30 наурызында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтетінін хабарлайды.

 «Жер Сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі - WWF) қамқорлығымен өтетін, әлемнің 170 елінен және 7000 қаласынан           2 млрд.-тан астам адам қатысатын әлемдік деңгейдегі бұқаралық экологиялық акция. 

«Жер Сағаты акциясы» барысында WWF әлем жұртшылығын планетамыздың жарқын болашағына үмітпен қарау мақсатында 1 сағат көлемінде жарық пен тұрмыстық электр қондырғыларын өшіруге шақырады.

«Жасыл ел құру» идеясын жаңғыртудағы аталған акцияның маңыздылығын, сондай-ақ оның 2020 жылы әлемде 13-рет, Қазақстанда 11-рет өткізілетінін ескере отырып, Сіздерді өңірлерде «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясын қолдауға, белсенді қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат үшін «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-ға +7 (7172) 57-22-78, +7 747 9173383 телефондарына хабарласуға болады.