Назар аударыңыз! Конкурс!

Назар аударыңыз! Конкурс!

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ Ақмола облысы бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурстың веб-порталда https: //e-qazyna.kz/ өтетінін хабарлайды. Өтінімдерді қабылдауды 2026 жылғы 18 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 09 сағат 55 минутта аяқталады. Конкурс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 393 бұйрығымен бекітілген

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі-Қағида) сәйкес өткізілетін болады. Конкурсқа келесі су айдындары қойылады:

  1. Кенжеғалы көлі, Ақкөл ауданы, жүргізу нысаны - кәсіпшілік балық аулау, бекіту мерзімі 10 жыл. Ауданы 985 га.
  2. Бірсуат көлі, Біржан сал ауданы, жүргізу нысаны - кәсіпшілік балық аулау, бекіту мерзімі 10 жыл. Ауданы 53 га.
  3. Қарашілік көлі, Бурабай ауданы, жүргізу нысаны - кәсіпшілік балық аулау, бекіту мерзімі 10 жыл. Ауданы 72 га.
  4. Қырыққұдық бөгеті, Степногорск қаласы, ауданы, жүргізу нысаны - кәсіпшілік балық аулау, бекіту мерзімі 10 жыл. Ауданы 130 га.
  5. Жасыл ел бөгеті, Целиноград ауданы, жүргізу нысаны - кәсіпшілік балық аулау, бекіту мерзімі 10 жыл. Ауданы 42 га.
  6. Савинский-1 тоғаны, Бурабай ауданы, жүргізу нысаны - кәсіпшілік балық аулау, бекіту мерзімі 10 жыл. Ауданы 3 га.
  7. Таскөл ескі арнасы, Астрахан ауданы, жүргізу нысаны - әуесқойлық балық аулау, бекіту мерзімі 10 жыл. Ауданы 23,4 га.

 

Конкурсқа қатысушылар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша Конкурсқа қатысуға өтінімді қоса берілген нысанға сәйкес https://e-qazyna.kz/ веб-порталы арқылы ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін веб-порталда алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін:

- жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

- байланыс деректері (тіркеу мекенжайлары, телефон, электрондық мекенжайлар);

2) заңды тұлғалар үшін:

- бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;

- кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

- байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, факсы, e-mail).

Өтінім Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес толтырылады. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде бірыңғай оператордың шотына енгізеді.

Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Анықтама телефондары: 8 (7162) 31-00-14.