Хабарландыру
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мониторинг және бақылау бөлімінің басшысы - Доскиева Любовь Гириханқызына 2025 жылғы 19 сәуірге дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 24-00-04, 24-00-00 (қабылдау бөлмесі).