«Qamqor» мобильді қосымшасы

«Qamqor» мобильді қосымшасы

Құрметті Ақмола облысының кәсіпкерлері!

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті кәсіпкер үшін қалта көмекшісі ретінде қызмет ететін «Qamqor» мобильді қосымшасын (бұдан әрі – «Qamgor» МҚ) әзірлеп, іске қосқанын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.

Бизнес-қоғамдастық үшін «Qamqor» МҚ-да алдағы тіркелген тексеру туралы PUSH-хабарламалар, тексерулер жүргізу мерзімдері, тексеру парақтарының сұрақтары мен талаптары туралы және нақты қай объектіде тексерілетін болатынын туралы ақпарат іске асырылған.

Сонымен қатар, қосымшада жиі қойылатын сұрақтар бар қойындылар әзірленді, олар бойынша оларға жауаптарды қарау мүмкіндігі бар.

Мобильді қосымша ақысыз және Android жүйесі үшін «Google Play Market», сондай-ақ iOS жүйесі үшін «App Store» маркетплейстерінде жүктеуге болады.

Қосымшаны жүктегеннен кейін пайдаланушы оған тіркелуі қажет (тіркелгі жасау). Ол үшін мыналарды толтыру керек:

- жеке кәсіпкерлерге – ЖСН, содан кейін жеке басын куәландыратын құжаттың түрін (жеке куәлік, паспорт немесе тұруға ықтиярхат) таңдап, таңдалған құжаттың нөмірін енгізу;

- заңды тұлғаларға – БСН, содан кейін қажетті мәндерді енгізу.

«Qamqor» МҚ-да сәтті тіркелгеннен кейін Сіз оған кіруге, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосымшаның хабарламаларына жазылуға мүмкіндік аласыз.