Өңірге жеке инвестициялар тарту

Өңірге жеке инвестициялар тарту

Өңірге жеке инвестициялар тарту

 

Мемлекет Басшысы қойған басымдықтарға сәйкес Ақмола облысында экономиканың басым секторларына инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2024 жылдың 1 тоқсанында тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 155,7 млн. доллары АҚШ 7 есе өсумен, олардың негізгі үлесі өнеркәсіп салаларына тиесілі

2024 жылы Ақмола облысы бойынша шағын және орта бизнес саласын қоса алғанда, барлық салаларда жеке инвестициялар есебінен 1,7 мың жұмыс орнын құрумен 190 млрд. теңгеге 198 жобаны іске асыру жоспарлануда, бүгінде 46 млрд. теңгеге 60 жоба пайдалануға берілді.

 

Ағымдағы жылдың инвестициялық жобаларын іске асыру құрама жем мен жарма, темірбетон бұйымдары, кірпіш өндірісін игеруге, металл бұйымдарын шығару өндірісін жаңғыртуға, ауыл шаруашылығы техникасын, құс мяса өндіру бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Орта мерзімді перспективада: Зеренді және Ерейментау аудандарында екі ірі агроөнеркәсіптік кешен, Зеренді ауданында техникалық алмас концентратын шығару фабрикасын, Степногорск қаласындағы күкірт қышқылы зауытының екінші желісін салу бойынша ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Жалпы, орта мерзімді жобаларды іске асыру есебінен электролиттік металл марганец, жасанды мәрмәр, ұсақ сортты прокат өндірісін игеру, ауыл шаруашылығы техникасын, кірпішті өндіру бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын кеңейту жоспарлануда.

Аршалы ауданының аумағында Республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағы құрылды. Индустриялық аймақтың тиімді инвестициялық жобалармен (бәсекеге қабілеттілік, экспортқа бағдарлану, инновациялық технологияларды қолдану) толтырылуына ерекше назар аударылатын болады.

Инвестициялық ахуалды жақсарту, шетелдік және отандық инвесторларды тарту үшін «AQMOLA INVEST» инвестицияларды дамыту орталығы» жұмыс істейді, ағымдағы жылдың басынан бастап 31 бизнес - кездесу өткізілді, оның 18-і шетелдік инвесторлармен (Венгрия, Ресей, Қытай, Иордания, Англия, Швейцария, Тәжікстан, Түркия).

Ынтымақтастық және жаңа бастамаларды іске асыру мәселелері бойынша әлеуетті инвесторлармен кездесулерді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіледі, сүйемелдеу жүргізіледі. Мәселен, ауыл шаруашылығы технологиялық паркін, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын, биогаз зауытын салу бойынша ірі жобаларды іске асыру мәселелері пысықталуда.

Өңірдің ерекшелігін және дәстүрлі дамуды ескере отырып, инвестициялаудың негізгі бағыттары агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп және туризм салалары болып табылады, жақында жаңартылатын энергия көздері саласына инвестициялар белсенді түрде салынуда.