Туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша өтінімдерді қабылдау

Туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша өтінімдерді қабылдау

Құрметті кәсіпкерлер!

 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша өтінімдерді қабылдау басталады.

  1. туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу (әр жылдың 1 наурызына дейін) - шығындардың 10%;
  2. кәсіпкерлік субъектілеріне жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу (әр жылдың 1 наурызына дейін) - шығындардың 10%;
  3. туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу (әр жылдың 1 наурызына дейін) - шығындардың 25%.
  4. кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (жыл ішінде) - 83 300 тг. айына;
  5. әрбір шетелдік турист үшін туроператорларды субсидиялау (жыл ішінде) -15 000 тг;
  6. тау шаңғысы курорттары үшін техника мен жабдықтарды сатып алу бойынша шығындарды өтеу (жыл сайын 1 наурызға дейін) - құнының 25%;
  7. балалар авиабилетін субсидиялау (жыл ішінде) - балалар авиабилеті құнының 100%.

Барлық сұрақтар бойынша ішкі туризм және халықаралық байланыстар бөліміне 8(7162) 240023, 240026 телефондары бойынша хабарласуға болады.