Туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шараларына қатысты

Туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шараларына қатысты

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары күшіне енді (ҚР Мәдениет және спорт Министрінің бұйрықтарымен бекітілді), олардың шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын туризм саласындағы 7 бағыт бойынша алуға болады:

  1. туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу-шығындардың 10% ;
  2. кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау-83 300 тг. айына;
  3. кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу-шығындардың 10% ;
  4. автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу

туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын қаражаты - 25%.

  1. туристік пакет құрамында әкелінген әрбір шетелдік турист үшін туроператорларға төлем - 15 000 теңге.
  2. тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу - 25 %.
  3. Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуеде тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау-балалар авиабилетінің 100 %

Сондай-ақ облыс Әкімдігі жанында кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау бойынша комиссия құрылғанын хабарлаймыз. Барлық сұрақтар бойынша 8(7162)240024, 87712974344 телефонына хабарласуға болады.