«Туристік операторлық қызметке лицензия беру» (туроператорлық қызмет)»

«Туристік операторлық қызметке лицензия беру» (туроператорлық қызмет)»

Өтініштерді қабылдау "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz, www.elicense.kz               

         Қызметті алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

         - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

         1) осы Қағидалардың 2 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші;

         2) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

         3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны электрондық құжат нысанында бекітілсін. Қызмет көрсету мерзімі 6 жұмыс күнінен кешіктірмей.

         Туроператорлық қызметтің кіші түріне қарамастан лицензия алуға арналған талаптар:

         * қалыптасқан туристік өнімнің болуы;

         * кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар туристік білімі бар кемінде бір қызметкер;

         * меншік құқығына немесе өзге де заңды негіздерде кеңсеге арналған үй-жай.

         Шығу туризмінің туроператорлары үшін банк кепілдігін енгізу туралы шарттың болуы қажет.

         Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша бюджетке салық кодексіне сәйкес туризм саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін 10 АЕК (30 630 теңге), (БСК 105 402, ТТК 911) мөлшерінде лицензиялық алым төленеді.;