Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукцион

Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукцион

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 99 – бабына сәйкес талап ету құқығын қоса алғанда, банкроттың мүлкін сатуды банкроттықты басқарушы кредиторлар комитеті бекітетін банкроттың мүлкін сату жоспарына (бұдан әрі-сату жоспары) сәйкес электрондық аукцион өткізу арқылы жүзеге асырады.

Банкроттың мүлкін сату жөніндегі электрондық аукционды өткізу тәртібін және оны ұйымдастырушыны уәкілетті орган айқындайды.

Электрондық аукцион-тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып электрондық форматта өткізілетін электрондық аукцион, оның ішінде жабық электрондық аукцион сауда-саттығының нысаны;

Сату жоспарын жасау кезінде сатылу объектілерінің бастапқы бағасын сатушы баланстық құн деңгейінде не бағалау құнының жетпіс бес пайызы деңгейінде белгілейді.

Сату жоспары кредиторлар комитетінің келісімімен лоттың ең төменгі бағасын көздеуі мүмкін, одан төмен лот сатыла алмайды. Кредиторлар комитеті лоттың ең төменгі бағасын белгілеген жағдайда, мұндай баға лоттың бастапқы бағасының елу пайызынан төмен болмауға тиіс.

Егер электрондық аукцион өткізілмеген жағдайда, егер кредиторлар жиналысы тікелей сату туралы не мүліктік массаны заттай беру туралы шешім қабылдамаса, мүліктік массаны кейіннен өткізу өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Мүлікті электрондық аукционға қайта шығарған кезде сатушы кредиторлар комитетінің келісімімен лоттың бастапқы бағасын бастапқы бастапқы бағаның жиырма бес пайызынан асырмай төмендетеді. Бастапқы бастапқы бағаны бір рет төмендетуге жол беріледі.

Деректер базасына енгізілген мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша ұйымдастырушы оны тізілімнің веб-порталында жариялайды.

Мүлікті сату жөніндегі электрондық аукцион туралы ақпараттық хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) электрондық аукционды өткізу күні мен уақыты;

2) банкроттың атауы/Тегі, Аты, Әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

3) банкроттың БСН / ЖСН;

4) сатушының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);;

5) сатушының ЖСН;

6) банкроттың заңды мекенжайы;

7) сату объектісі туралы мәліметтер (мүліктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі, қысқаша сипаттамасы, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқалары);

8) сату объектісінің орналасқан жері;

9) лоттың бастапқы бағасы;

10) кепілдік жарнаның мөлшері;

11) ұйымдастырушының банктік деректемелері;

12) өтінімдерді қабылдау мерзімі;

13) Ұйымдастырушының мекенжайы және телефоны.

Электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін Ұйымдастырушы тізілімнің веб-порталында орналастырылған лот бойынша барлық ниет білдірушілердің ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді, сатушы барлық ниет білдірушілердің сату объектісіне еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу Ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап тізілімнің веб-порталында жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін белгіленген нысан бойынша электрондық өтінімді және қатысушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Электрондық өтінім беру үшін алдымен тізілімнің веб-порталында тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: ЖСН, Тегі, Аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

2) заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі банк шотының деректемелерін қамтиды;

4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факсы, е-mail).

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Электрондық өтінім бергенге дейін қатысушы электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген ұйымдастырушының есеп шотына кепілдік жарнаны енгізуі қажет.

Әрбір лот бойынша электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна лоттың бастапқы құнының 15 пайызын құрайды, бірақ 30 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Электрондық аукционға қатысушыларға кепілдік жарналардың кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілдік жарнаны енгізген объектіні сатып алу құқығын береді.

Дерекқорда ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды және қатысушыны электрондық аукционға жіберуді жүзеге асырады. Ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер дерекқорда болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының электрондық өтінімін кері қайтарады.

Электрондық аукционда жеңген қатысушының кепілдік жарнасын ұйымдастырушы электрондық аукцион өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкердің шотына аударады және сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жатқызылады.

Қалған жағдайларда ұйымдастырушы кепілдік жарналарды қатысушыларға электрондық аукцион өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

Кепілдік жарналарды аударуды және қайтаруды ұйымдастырушы тізілім веб-порталында қатысушының немесе сатушының ЭЦҚ қойылған электрондық өтініш негізінде жүргізеді.

Электрондық аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукцион залында электрондық аукцион демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі-жұма аралығында өтеді.

Электрондық аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

Электрондық аукционға қатысушылар ол басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді және лот үшін бастапқы бағадан жоғары не төмен, бірақ сату жоспары белгілеген кезде ең төменгі бағадан төмен болмайтын өзінің баға ұсынысын көрсетеді.

Электрондық аукцион қатысушылардың баға ұсыныстарын беру әдісімен өткізіледі және қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін өткізіледі.

Электрондық аукцион келесі түрде өткізіледі:

1) электрондық аукцион басталған сәтте аукцион залында қатысушылардың лот үшін баға ұсыныстары бейнеленеді, олар шарттарды сақтай отырып, лотты сатып алуға келісім білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптастырылады;

2) электрондық аукцион басталған сәттен бастап қатысушыға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғары бағасын Қағидамен белгіленген қадамға ұлғайту мүмкіндігі беріледі;

3) егер электрондық аукцион басталған кезден бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі ең жоғары ағымдағы бағаны арттырмаса, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады;

4) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі қағидаларға сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғары бағасын арттыру жолымен лотты сатып алуға өзінің ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;

5) егер ағымдағы баға ұлғайғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен лотты сатып алу ниетін растамайтын болса, онда лотты сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады;

6) егер электрондық аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда лотты сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады.

Егер электрондық аукцион басталған сәтте екі және одан да көп қатысушылардың баға ұсыныстарында лот үшін бірдей ең жоғары баға қамтылса және осы ағымдағы баға жиырма минут ішінде ұлғайтылмаса, онда баға ұсынысы аукцион залында ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың басқа баға ұсыныстарынан бұрын тіркелген қатысушы осы қатысушылардың арасында электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады.

Әрбір сатылған лот бойынша электрондық аукцион нәтижелері электрондық аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, электрондық аукцион өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша лотты сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.

Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Сатып алу-сату шартына қол қойған кезде жеңімпаз сатушыға аванстық төлемнің төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ сату объектісін сатып алушыларға электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген ерекше шарттарға және (немесе) қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын электрондық өтінімге қоса берілген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Сатып алушы Қағидаларда көрсетілген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан не сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған не сатушыға Қағидаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда сатушы кепілдік жарнаны қайтармайды және тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын электрондық аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.

Құрметті қатысушылар тізілімнің веб-порталында электрондық сілтеме бойынша тіркеліңіз https://e-auction.gosreestr.kz/p/ru/auction-guest-list. және электрондық аукционға қатысыңыз.

Ақмола облысы бойынша МКД деректері бойынша ақпарат.