"Ақмола облысының мемлекеттік қызметінің тарихы" айдары

"Ақмола облысының мемлекеттік қызметінің тарихы" айдары

Уланов Николай Тимофеевич - зейнеткер, мемлекеттік қызмет және сауда саласының ардагері. Ол өзінің көп жылдық адал еңбегімен, жоғары кәсіби шеберігі мен құзыреттілігімен ұштасып, туған өлкесінің гүлденуіне елеулі үлес қосты.

Николай Тимофеевич белсенді өмірлік ұстанымымен ерекшеленеді. Ол өзінің өмірінің көп бөлігін мемлекеттік қызметіне арнады, тіпті лайықты еңбек демалысында болса да, мемлекеттік қызметтің одан әрі дамуына баға жетпес көмек көрсетуді жалғастыруда, сабақтастықты сақтауға және өзінің бай жұмыс тәжірибесін мемлекеттік қызметшілердің жас ұрпағына жеткізуге үлес қосуда.