Дүниежүзілік нан күні

Дүниежүзілік нан күні

Жыл сайын 16 қазанда Дүниежүзілік нан күні атап өтіледі. Мереке 2006 жылы Халықаралық наубайшылар мен кондитерлер одағының бастамасымен құрылды.

Дүниежүзілік нан күні - бұл осы сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі және, әрине, адамның ең басты азық – түлік өнімі - нанға деген құрмет.

Ақмола облысында нан-тоқаш және ұн өнімдерін өндіруге 41 кәсіпорын мен өндіріс маманданған. Жыл сайын бұл кәсіпорындар шамамен 20 мың тонна көлемінде нан шығарады. Ірі нан зауыттары Көкшетау қаласының аумағында орналасқан, олар: «Ақсай Нан-Көкшетау» ЖШС, «Көкшетау нан зауыты» ЖШС, «Көкше-нан» ЖШС, «Crumble» ЖШС және т.б. Бүгінгі күні сауда сөрелерінде халықтың сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін нан мен нан-тоқаш өнімдерінің көптеген түрлері ұсынылған.

Құрметті наубайшылар, наубайшылар-кондитерлер, сондай-ақ ұн тартқыштар мен диқандар! Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің күнделікті құрметті еңбегіңіз үшін алғыс пен ризашылық сөздерін қабыл алыңыз! Сіздерге отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық және сәттілік тілейміз!