Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына баспасөз-релизі

Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына баспасөз-релизі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды реттеу жөніндегі өкілеттіктерді іске асыру шеңберінде облыс әкімдігі «Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы» 2021 жылғы 23 тамыздағы № А-8/421 қаулы қабылдады (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 тамызда № 24152 болып тіркелді), оған сәйкес өңірде күнбағыс майының шекті бағасы күнтізбелік 60 күн мерзімге 1 литр үшін 641 теңге деңгейінде белгіленді.

Қаулы 2021 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.