Құрметті кәсіпкерлер!!

Құрметті кәсіпкерлер!!

Құрметті Мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер сіздерге 2021 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде «Мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі электрондық түрде көрсетілетінін, яғни осы бағыт бойынша бағдарламаға қатысуға өтінімдер «Бизнестің жол картасы 2025» «Qoldau.kz» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданатынын хабарлаймыз.

Ол үшін Сізге «Qoldau.kz» ақпараттық жүйеде тіркеуден өту қажет, жүйеге кіру тегін негізде және порталда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып Пайдаланушы келісіміне қол қойылған жағдайда ұсынылады.

Ақпаратпен толығырақ «Qoldau.kz» сайтында танысуға болады, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір түрінің бөлімінде «анықтама» бөлімі орналасқан және онда мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінімдер берудің қадамдық бейне нұсқаулығы орналастырылған.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар (өтеусіз негізде) беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы облыстық газеттерде, Басқарманың сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: 8(7162) 24-00-16, 8(7162) 24-00-13 (Басқармасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімі).