Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін құттықтаймыз!

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін құттықтаймыз!

Жыл сайын 28 маусымда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне тікелей қатысы бар журналистер, тілшілер, редакторлар және басқа да көптеген кәсіп өкілдері кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Қазіргі әлем бұл - үлкен ақпараттық кеңістік. Күн саяси және экономикалық оқиғаларға толы болса да, сіз өз адал еңбегіңізбен адамдарға уақытында сапалы және дұрыс ақпарат алуға көмектесесіз.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай мемлекеттік және жеке сектордың кәсіпкерлікті, индустриялық секторды, сауда және басқа да маңызды бағыттарды дамыту саласындағы қызметін жария етуге қосқан үлесі үшін Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Е.Оспановтың алғыс хаттарымен – 716.kz тілшісі Айя Калягина, «Арқа ажары» газетінің тілшісі Рамазан Тілеуов, «Арқа ажары» газетінің фототілшісі Берік Ескенов, «Акмолинская правда» газетінің бөлім меңгерушісі Алексей Чайка, «Акмолинская правда» газетінің тілшісі Нина Митчинова марапатталды.

Сіздерге қиын және маңызды жұмыс үшін алғыс айтамыз. Сіздерге шығармашылық табыс, денсаулық және амандық тілейміз!