«Ashyq» жобасының көшбасшылары

«Ashyq» жобасының көшбасшылары

           «Ashyq» жобасы COVID-19 таралу қаупін азайтуға және келушілер
мен қызметкерлерді қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ бизнеске шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді. QR коды мен ПТР-дің жалпы базасымен интеграцияланудың арқасында қосымша келушінің мәртебесін анықтайды: ол вирустың тасымалдаушысы ма, жоқ па.

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына сәйкес, жобаға қатысушыларға «Ashyq» көшбасшылары мәртебесі беріледі және 2 аптаға бекітіледі. Бүгінгі күні облыс бойынша QR-кодтар («check-in») бойынша екі апта ішінде келушілерді 1000-нан астам тіркеу орны бар 6 объект бөлінді.