«Ashyq» қосымшасын енгізу бойынша»

«Ashyq» қосымшасын енгізу бойынша»

Ақмола облысының әкімдігі Кәсіпкерлер палатасымен және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп облыс аумағында «Ashyq» қосымшасын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда «Ashyq» жобасының әлеуетті қатысушыларынан 306 өтінім берілді, 245 QR-код берілді. Тестілік жұмыс режимі 239 объектіде аяқталды (225 - бизнес объектілері, 14-ерікті қатысушылар). Нысандар тізімі облыс әкімдігі сайтының басты бетінде орналасқан.

Check-in ең аз саны бар объектілерге облыс әкімдігі мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен мониторингтік топтар барды. Кәсіпкерлердің түсініктемелері бойынша check-in санының аздығы қосымшаның жұмысындағы жиі болатын іркілістерге байланысты. Жобаға қатысу шарттарын қайталап бұзған және әр келуші мен мекеме қызметкерін тіркеу қажет болған жағдайда нысан иелеріне жауапкершілік туралы ескертілді.