«Ashyq» қосымшасын енгізу бойынша

«Ashyq» қосымшасын енгізу бойынша

Қазіргі уақытта кәсіпкерлер палатасымен және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп облыс аумағында (Көкшетау және Степногорск қалаларында, кейіннен барлық басқа өңірлерге масштабтала отырып) «Ashyq» қосымшасын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі күні Көкшетау және Степногорск қалалары бойынша 50 кәсіпкер QR-код алды, оның ішінде 35 объектіде тестілік режим аяқталды. Жобаның әлеуетті қатысушыларымен түсіндіру жұмыстары жалғасуда.