АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін, 29 сәуірде облыс әкімдігінде «2020 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» облыстық конкурсының жеңімпаздары мен лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Конкурсқа 4 номинация бойынша 25 өтінім қабылданды: «Үздік инновациялық жоба» - 4 өтінім; «Үздік жас кәсіпкер» - 5 өтінім; «Үздік кәсіпкер әйел» - 12 өтінім; «Үздік стартап» - 4 өтінім. Байқауға 19 аймақтан 11 – Көкшетау қаласы, Степногорск қаласы, Зеренді, Ерейментау, Астрахан, Атбасар, Целиноград, Жарқайың, Бурабай, Біржан сал, Қорғалжын аудандары қатысты.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша «Үздік жас кәсіпкер» номинациясында Жарқайың ауданы, Державинск қаласы - Илья Кайдин ЖК «23» басшысы 3-орынға ие болды. Қызмет түрі: «Феникс» кафесінің тамақтануы. 2 орын Атбасар қаласы «Ержанов А.С» ЖК басшысы Азамат Ержановқа берілді. Қызмет түрі: бөлшек сауда. Осы номинация бойынша конкурс жеңімпазы – «Саян» ЖК басшысы Сағымбай Ботпаев, Ерейментау ауданы. Қызмет түрі: компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу.

«Үздік кәсіпкер әйел» номинациясында Көкшетау қаласы «Қалиева Б.А.» ЖК басшысы Бота Қалиеваға 3 орын берілді. Қызмет түрі: іс-шараларды ұйымдастыру және ресімдеу. 2 орын Степногорск қаласынан «Лагута Светлана Васильевна» ЖК басшысы Светлана Лагутаға берілді. Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру. Осы номинация бойынша конкурс жеңімпазы болып «Нұр-А» ӘКК жетекшісі Гүлбаршын Қожахмет, Астрахан ауданы Новочеркасское ауылы. Қызмет түрі: сүт сатып алу және қайта өңдеу.

«Үздік стартап» номинациясында Степногорск қ. «Doctor Step» медициналық клиникасының басшысы Алмас Жәмпейісов 3 орын алды. 2-орынды Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының «Анисов Б.Т.» ЖК басшысы Бақытжан Анисов иеленді. Қызмет түрі: мамандандырылмаған дүкенде сауда. Осы номинация бойынша конкурс жеңімпазы болып Атбасар қаласы «Вита» ЖК басшысы Оксана Здоровец танылды. Қызмет түрі: «Beslim» Фитнес клубы» сау дене кабинеті.

 «Үздік инновациялық жоба» номинациясында 3 орынды
Целиноград ауданы Ақмол ауылындағы «ZEREK BALA» зияткерлік даму орталығының жетекшісі Ақбота Таңжарық иеленді. Қызмет түрі: қосымша білім беру. 2 орын «Успешный» ЖК жетекшісі, Целиноград ауданы Ақмол ауылының тұрғыны Ахмет Мерхайдаровқа бұйырды. Қызмет түрі: ірімшік өндірісі. Комиссияның бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша аталған номинацияда Зеренді ауданының «Парус» ЖК басшысы жеке кәсіпкер Арман Сұлтанова жеңімпаз болып танылды. Қызмет түрі: ішкі туризм.

Байқау лауреаттарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді: 1 орын үшін – теледидар, 2 орын үшін – моноблок, 3 орын үшін – ноутбук. Естеріңізге сала кетейік, бұл байқау жыл сайын өткізіледі.