«Ashyq» қосымшасын енгізу туралы» брифинг

«Ashyq» қосымшасын енгізу туралы» брифинг

Бүгін, 29 сәуірде өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ashyq» қосымшасын енгізу туралы» брифинг өтті. Брифингте Ақмола облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Ж.Айдрахманов, Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы А.Мусина, Ақмола облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Р.Сыздықов сөз сөйледі.

«Ashyq» пилоттық жобасы ағымдағы жылдың 26 ақпанында Нұр-сұлтан, Алматы қалаларында және Қарағанды облысында іске қосылды.

26 сәуірден бастап жобаға Барлық облыстар қатысады. Бүгінгі күні жалпы республика бойынша жобаға 1827 нысан тартылған, оның 953-і тестілік режимде жұмыс істейді, қосымшаны 400 мыңнан астам пайдаланушы жүктеген.

Жоба барысында 850-ден астам жұқтырған адамның нысандарға кіруіне жол бермеу, сондай-ақ екі мыңнан астам азаматтарымыздың жұқтыруынан алдын алу мүмкін болды.

Қазіргі уақытта жоба келесі нысандарда жүзеге асырылуда: фитнес-клубтар, спа-орталықтар, сауналар, бассейндер, компьютерлік клубтар, боулинг-клубтар, кинотеатрлар, театрлар мен филармониялар, банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд сияқты объектілерді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, ерікті қатысушылар, облысаралық және қалалық жүйесіз (туристік) тасымалдар, бильярд клубтары мен концерт залдары.

Ж.Айдрахмановтың айтуынша, Ақмола облысында бұл жобаға Көкшетау және Степногорск қалалары енгізілген. 15 сәуірден бастап екі қала бойынша 48 QR-код берілді (35 – Көкшетау, 13 – Степногорск). Оның ішінде ASHYQ бағдарламасына 35 нысан енді, қалған 13 нысан тестілік режимде.

Спикер жобада кәсіпкерлер мен клиенттер үшін жұмыс істеудің артықшылықтарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, кәсіпкерлерді «Ashyq» жобасына қатысуға белсенді қатысуға шақырды.

Айта кетейік, жобаға қатысушылар тізімімен Ақмола облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының басты бетінде таныса аласыз.