
«Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелерді қолдайтын ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерін ынталандыру мақсатында «Жасыл кеңсе» үшінші республикалық байқауын ұйымдастырылатын хабарлайды.
Конкурстың мақсаты: энергияны, суды және ресурстарды үнемдеуді ынталандыру, экологиялық таза технологияларды, тауарлар мен қызметтерді жылжыту, сондай-ақ қоршаған ортаға бағытталған жұмыста қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу; халық арасында «жасыл» пікірді офистік ресурстарға арқа сүйеу арқылы қалыптастыру; экологиялық жауапты компаниялардың қоғамдастығын қалыптастыруға үлес қосуға; экологиялық мәселелерге, орнықты дамуға, климаттеңдігін сақтауға, ресурстардың ұтымды пайдаланылуына қоғам назарын аудару.
Байқау ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап келесі номинациялар бойынша басталды:
1) білім беру (ЖОО, колледж, мектеп, балабақша және т.б.);
2) денсаулық сақтау (ауруханалар, емханалар, медициналық орталықтар және т.б.);
3) мемлекеттік органдар (министрліктер мен ведомстволар, әкімдіктер және т.б.);
4) халықаралық ұйымдар мен өкілдіктер;
5) квазимемлекеттік сектор;
6) өнеркәсiптiк кәсiпорындар;
7) бизнес пен сауда орталықтары;
8) қызмет көрсету секторы (қонақ үйлер, сұлулық салондары, спорттық кешендер);
9) қаржы ұйымдар (банктер, сақтандыру компаниялары және т.б.);
10) үкіметтік емес ұйымдар.
Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Жасыл кеңсе» арнайы белгісіне ие болады.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 15 сәуірінен 31 тамызына дейін.
Қосымша ақпарат алу үшін Конкурстың ұйымдастырушысы «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ (+77172)999408, +77473838301 (Асыл Окапова) телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз және сондай-ақ greenkaz.kz@gmail.com электрондық мекенжай бойынша.