«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде кәсіпкер кредиттерге сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау, кредиттерге ішінара кепілдік беру, гранттық қаржыландыру, жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алады.
Кредиттер сыйақысының пайыздық ставкасын субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 6%-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қолданыстағы барлық кредиттерді ескере отырып, кредиттің/қаржы лизингі шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 7 млрд.теңгеден аспайды және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржы лизингі шарты бойынша берешегі ескерілмей есептеледі.
Кредит беру мерзімі:
180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде
10%-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің қаражатымен (ақша қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі. Бұл ретте сомасы 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
- несиелерді ішінара кепілдендіру бойынша кәсіпкер несие алуға өтінішпен банкке жүгінуі қажет. Банк алдында кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, «Даму» КДҚ» АҚ ішінара кепілдік бере алады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін:
Кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит сомасы банк кредиттері бойынша 360 млн.теңгеден аспайды,кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер кредит сомасының кемінде 15%-ы мөлшерінде кредит (кепілдік) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.
Кәсіпкерлерге арналған:
Кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит сомасы банк кредиттері бойынша 1 млрд. теңгеден аспайды, кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер кредит сомасының кемінде 50%-ы мөлшерінде кепілдік құны бар кредит бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.
Ұсынылатын кепілдік мерзімі – несие мерзімінен аспайды.
- гранттық қаржыландыру жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге экономиканың басым секторларында өтеусіз негізде беріледі, бұдан басқа, бөлінетін қаражаттың кемінде 20%-ы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге жіберіледі. Жобаның негізгі өлшемі бизнес-идеяның жаңалығы (талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті болып табылмайды), бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі және оның енгізуге дайындығы болып табылады;
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемдерге жауап беретін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады: жобаға инвестициялар көлемі 200 млн.теңгеден кем болмауы тиіс; инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 млн. теңгеден кем болмауы тиіс. Критерийлерге жауап бермейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына инфрақұрылым жүргізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 (елу) млн теңгеден кем болмауы тиіс, бұл ретте экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жобаларға арналған инфрақұрылымды салуды (реконструкциялауды) қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникацияның барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) ең жоғары сомасы 1 (бір) млрд теңгеден аспауы тиіс.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Көкшетау және Степногорск қалаларында - 18,96 млн.теңгеге дейін (6,5 мың АЕК), ауылдарда – 7,3 млн. теңгеге дейін (2,5 мың АЕК) номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6%-дан аспайды. Аз қамтылған және/ немесе көп балалы отбасылар үшін кредит/микрокредит мөлшері - 23,3 млн.теңгеге дейін (8,0 мың АЕК), мерзімі - 7 жылға дейін, номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 4-дан аспайды.
Бизнесті кредиттеу қаржы институттары («Даму «КДҚ» АҚ РФ - қалалар мен моноқалаларда, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ - ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда) және екінші деңгейдегі банктер (қалалар мен моноқалаларда) арқылы жүзеге асырылады, онда қандай да бір мақсаттарға кредит беру туралы шешімді тек қаржы институтының немесе ЕДБ өзі ғана қабылдайды.
Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алу үшін өтініш беруші келесі мекен-жай бойынша хабарласа алады:
- Көкшетау қ., Абай к-сі, 96, 4 қабат, 404 каб. (Басқарманың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімі), тел. 8 (7162) 24-00-15, 24-00-14.