Бүгін Қазақстанда геолог Күні аталып өтуде!

Бүгін Қазақстанда геолог Күні аталып өтуде!

Құрметті геологтар, геофизиктер, геодезистер, топографтар, ғалымдар, бұрғылаушылар, кеншілер – жер қойнауын геологиялық зерттеуге қатысқандардың барлығын кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Сіздерге жер қойнауын геологиялық зерттеуде сәттілік және жаңа ашылулар, Қазақстанның игілігі үшін қиын, бірақ осындай маңызды және қажетті жұмыста одан әрі табыстар, қажымас қайрат пен оптимизм, бейбітшілік пен тұрақтылық тілейміз. Сондай-ақ, геология саласының барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, бақыт, амандық, жаңа шығармашылық табыстар, жылы шырай, жақындары мен туған-туысқандарының сүйіспеншілігін тілейміз.