Бүгін Ақмола облысының Өңірлік экспорттық кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Ақмола облысының Өңірлік экспорттық кеңесінің отырысы өтті

Бүгін, 2021 жылғы 25 ақпанда Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.Ыдырысовтың төрағалығымен Өңірлік экспорттық кеңестің отырысын өткізді (ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта).

Отырыс қатысушыларына ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қ.Төребаев құттықтау сөз сөйлеп, онда ҚР экспорттық саясатының негізгі бағыттары мен қолдау шараларын қысқаша айтып өтті.

Семинар-кеңестің спикерлері кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы – Е.Оспанов, ҚР сауда және интеграция вице-министрі – Қ.Төребаев, «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ жобаларды дамыту департаментінің директоры – А.Сағынаев, «KazakhExport» АҚ сақтандыру департаментінің директоры – Қ.Мұқажанов болды.

Күн тәртібінде 2020 жылғы сыртқы экономикалық қызметті дамыту және Өңірлік экспорттық кеңес жұмысының қорытындылары талқыланды, Ақмола облысының экспорттаушыларын ынталандыру және 2021 жылға арналған экспорттық әлеуетті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды, сондай-ақ экспорттаушы компанияларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары таныстырылды.

Кеңеске экспорттық Кеңес мүшелерінен басқа кәсіпкерлер, экспортты дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін аудандар мен қалалар әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары қатысты.