Хабарлама

Хабарлама

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті облыс кәсіпкерлерін ҚАЖ мекемелерінің өнеркәсіптік бөлімдерінің аумақтарында өз өндірістерін орналастыру үшін ынтымақтастыққа шақырады.

Осылай қазіргі уаққыта облыс мекемелердің өндірістік учаскелерінде келесі өндірістік ғимараттар мен алаңдар бар:

1.Атбасар қ. ЕЦ-166/4 мекемесінің жанында «№ 2 корпус» бос үй-жайы бар.

Жалпы ауданы - 1893,9 ш. м. 1982 жылы салынған.

Бұл бөлме күрделі жөндеуді қажет етеді. Өндірістік жабдықтар жоқ.

2.Көкшетау қ. ЕЦ-166/24 мекемесінің өнеркәсіп аймағының аумағында «Еңбек-Көкшетау» РМК филиалының бос тұрған 2 үй-жайы бар:

- Пилорама -422 ш.м., 1981 жылы салынған, жағдайы қанағаттанарлық, шатырды күрделі жөндеуді және ағымдағы жөндеуді талап етеді, коммуникациясы жоқ, өндірісті жылдың жаз мезгілінде жүргізуге болады.

Жер учаскесі -400 ш.м., оның жанында өтетін жылу трассасы, жыл бойы жылыжай жүргізу үшін қолайлы.

«№2 Гараж»

  • Жалпы ауданы-283,6 ш. м.
  • Техникалық жағдайы: қанағаттанарлық.
  • Коммуникациялық жүйелер қосылған (су, электр энергиясы, жылыту);
  1. Гранитный кенті ЕЦ-166/25 мекемесінің өнеркәсіп аймағының аумағында «Еңбек-Көкшетау» РМК филиалының бір бос үй-жайы бар:

Аралау цехы -171,1 ш.м., барлық коммуникациялар бар.

Ұсынылатын бос өндірістік үй-жайлар тәулік бойы әскери және бейне күзетте болады.

Қазіргі уақытта Ақмола облысының ҚАЖ мекемелерінде 9 кәсіпкер өз өндірісін ашты, онда 66 сотталған жұмысқа орналастырылды.

ҚАЖ мекемесінде өз өндірісінің негізін қалаудың артықшылығы өндірістік үй-жайды немесе жер учаскесін өтеусіз пайдалануға беру, сондай-ақ кәсіптердің кең тізбесі бар сотталғандар қатарындағы жұмыс күші болып табылады.

Алаң және басқа да техникалық параметрлер көрсетілген мекемелердегі үй-жайлардың тізбесін, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі мен шарттары туралы мәліметтерді тілек білдірушілер Көкшетау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 174 мекенжайы, 78-10-55,8-771-253-08-68 (Батырбек) телефондары бойынша ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінен ала алады.