9 карьер қызметінің салдарын жою жұмыстары жүргізілді және тиісті комиссия қабылдады.

9 карьер қызметінің салдарын жою жұмыстары жүргізілді және тиісті комиссия қабылдады.
  • 9 карьер қызметінің салдарын жою жұмыстары жүргізілді және тиісті комиссия қабылдады.
  • Өткен жылы «Жолқұрылыс НК» ЖШС келісімшарттық аумағының шекарасынан нақты шығуды анықтау мақсатында Бурабай ауданында орналасқан «Қаздор» сазды топырақ кен орнына маркшейдерлік өлшеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша залал сомасы 177,4 млн.теңгені құрады. Қазіргі уақытта Бурабай ауданының полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде (СДТБТ-де 30.01.2020 жылы тіркелген).                                    Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзғаны үшін «ЖолҚұрылыс НК» ЖШС 50 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тау - кен жұмыстарын жүргізуді жобалау құжаттамасынан ауытқуына байланысты жер қойнауын пайдаланушы 30 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдана отырып, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.