Бүгін онлайн форматта инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Бүгін онлайн форматта инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Бүгін, 26 қарашада облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Ыдырысовтың төрағалығымен онлайн форматта инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Кеңестің қызметі қолайлы инвестициялық ахуалды жасауға, инвестициялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, облыс аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған.
Кеңес барысында Зеренді ауданында құрама жем зауытын, құс фабрикасын салу бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ жобаларын қолдау және сүйемелдеу туралы мәселелер талқыланды, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы тауашалы жобалар таныстырылды.