Бүгін «Protecting business and investments» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінде инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімдерге қол қойылды

26.11.2020 ж. «Protecting business and investments» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінде Көкшетау қаласында спорт кешенін салу жобасы бойынша «ANG Trade» ЖШС-мен және Зеренді ауданында туристік базаны кеңейту жобасы бойынша «Дарбаза-А» ЖШС-мен инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімдерге қол қойылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Protecting business and investments» жобасы аясында бизнесті қолдау бойынша жұмыс жүргізуде.

«Protecting business and investments» жобасының негізгі мақсаты - қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру.

Бүгінгі күні Ақмола облысында іске асырылып жатқан 66 жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу аясында тұр.

Қосымша ақпарат алу және жобаларды сүйемелдеуге қызығушылық білдіру мақсатында сіз 8 (7162) 24-00-10 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.