Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары бола алады:

- «Бастау» жобасында оқуды аяқтау туралы міндетті қосымшамен жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталықтарында тіркелгеніне қарамастан);

- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және өнімсіз жұмыспен қамтылғандар, сондай-ақ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер (Бастау жобасы шеңберінде немесе басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне курстардан өткені туралы сертификат);

- Жұмыс істеп тұрған кәсіпкер;

- Ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың зейнет жасына толмаған мүшелері;

- Зәкірлік кооперацияға қатысушыларды қоса алғанда, шаруа және фермер қожалықтары.

Қарыз сомасы:

- ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) 2,5 мың АЕК-ке дейін);

- қалалар мен моноқалаларда 6,5 мың АЕК - ке дейін.

Несиелеу мөлшерлемесі:

Жылдық 6% - дан аспайды, ал аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері үшін 4% - дан аспайды.

Микрокредит мерзімі:

- 5 жылға дейін;

- мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 7 жылға дейін.

Ерекше шарттар:

Кәсіпкер бағдарлама бойынша кепілдікті пайдалана алады: ісін жаңа бастаған кәсіпкер - 85% – ға дейін, аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері-кредит/микрокредит сомасының 95% - на дейін. Жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін кепілдік кредит сомасының 50% - ына дейінгі мөлшерде берілуі мүмкін.