«2020 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» конкурс өткізуін ұзарту туралы хабарландыру

«2020 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» конкурс өткізуін ұзарту туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы:
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»  мемлекеттік мекемесі,

Орналасқан жері: Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Көкшетау қаласы, Абай көш. 96, Ақмола облысы аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының кәсіпкерлік саласында жергілікті атқарушы органдар (кәсіпкерлік бөлімдер);
пошталық мекенжайы: 02000, Көкшетау қаласы, Абай көш. 96 ;
электрондық пошта мекенжайы: upp_msb@aqmola.gov.kz;
байланыс телефоны: 8 (7162) 24-00-15, 24-00-14, 24-00-16, 24-00-13;
 Конкурс нысанасы: Ақмола облысында шағын  және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үздік өкілдерін анықтау және белгілеу.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 404 каб., Ақмола облысы аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының кәсіпкерлік саласында жергілікті атқарушы органдар (кәсіпкерлік бөлімдер)

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер электрондық пошта арқылы, көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 ж. «30» қарашадан бастап 2020 ж. «10» желтоқсан аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.30-ге дейін (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2020 ж. «30» қарашанын сағат 10.00 (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2020 ж. «10» желтоқсан сағат 17.30 (жергілікті уақытпен)
 Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.upp.akmo.gov.kz сайтында танысуға болады.

Қосымша